Мектеп мұражайы  

 1 қыркүйек 1994 жыл. Еліміздің алғашқы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және 

премьер-министр Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың қатысуымен №26 қазақ орта мектебі ашылды.

 

                Елбасының өзі ашқан алтын ұя - мектебім!

    28 қазан 1998 жыл.  Тарихи-этнографиялық мұражай  құрылды. Мұражайдың құрылу мақсаты: жас жеткіншектерді халқымыздың салт-дәстүрін, тарихын білуге, оны қадірлеуге, мақтан тұтуға, рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

Мұражай жұмысының ерекшелігі: 1)Тарихи танымдық;2)Ұлттық қолөнер туралы мәлімет;3)Сабақ өткізуге көмек береді;4)Шығармашылықты арттырады.

  Мұражай жұмыстарының бағыты: өсіп келе жатқан жас ұрпақты ата-бабалары жасап кеткен  мәдени қазына байлықтардың   үлгілеріне  қанықтырып, жеке адамның да, бүкіл қоғамның да рухани жетілуіне ықпал жасау.

   Жастарды танымдық құштарлыққа жұмылдырып, қалыпты өсіп өркендеуіне, тарихи бейнелерді танып білеуіне, өткен өткен замандардан бері келе жатқан шынай мұралар негізінде тарихи білімдерін қалыптастыру.

   Қоғам дамуының осы заманғы көкейкесті мүдделерін көрсете отырып, оларды шешудегі мектеп пен мұғалім рөлін баяндау. Ұлттық тарихи, мәдени ерекшеліктер-мен туған өнірдің  тарихымен таныстыру.

   Даңқ залында: «Павлодарлықтар 1418 күнге созылған отты жылдарда»(соның ішінде  Кеңес Одағының Батырлар,3-дәрежелі даңқ орденіні ңиегерлері)

   «Халық қаһарманы-Бауыржан», «Шығыстың қос шынары», «Интернационалист- жауынгерлер»,  «Жеңіске жетелеген аталар» атты стенд жасалған.

     Қалалық мұражай сайысына дайындық барысында келесі жұмыстар жүргізілді:

«Екібастұз- менің тағдырым»-сурет көрмесі.       (5-6 сынып)

 «Балалық шағымның қалашығы»-фотосурет сайысы»    (5-7сынып)   

«Екібатұз қаласының 50 жылдығына альбом сайысы»  (8-9 сынып)

«Екібастұз өңімде және түсімде »-шығармалар сайысы  (10-сынып)

Мұражайды жабдықтау, материалдар жинақтау жұмыстары жалғасуда.                      

            

 Этнографиялық бұрышта киіз   үйдің  көрінісі , шаруадағы бұйымдар:піспе, шелек (саба), ағаш еттабақ, сепаратор, шімшеуік, бесік, ішік, күпі, сандықтар, ит арба, самауырын, май шам, жез шәйнек, қалақ тағы да экспонаттар бар.

 Мұражай  көптеген тігіс,қолөнер үлгілеріне тұнып тұр.Мысалы:бисермен жұмыс, тоқыма жұмысы, жіппен бейнелеу, ою- өрнек, т.б.  Мұражай  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына орай өткізілген мектеп музейлерінің қалалық байқау-сайысында « Ең үздік қалалық мектеп музейі» номинациясына ие болды.

   

 

 

Hosted by uCoz